Қазақстандық планшет құрастыратын зауыт енді пластикалық қап жасап шығармақ
Ақтау қаласында Қазақстандағы алғашқы планшеттық компьютерлерді жасап шығарушы компания сол күйі бірде-бір электронды құрылғы құрастырмай жатып, пластикалық қап шығаруға көшіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Курсив" басылымына сілтеме жасап.
"Caspiy Еlectronics" ұйымы 2011 жылы іске қосылған екен. Компания басшылығы ақтаулық «айпад» жасап шығарамыз деп ауыз толтырып айтқан. Сөздерінше, планшетке соңғы жылдардың операциялық жүйесі орнатылып, «Аққу» атауы беріледі деп жариялаған.
Ұйым басшылары берген есебінде зауыт күніне 280 планшет құрылғыларын, 180 монитор мен 220 теледидар құрастыруы керек болған. Зауыт өнімі Қазақстаннан бөлек, шетелге экспортталады деп жоспарланған. Мұнымен қоса, қазақстандық өнім бағасы шетелдік құрылғыларға қарағанда 40 пайызға арзан болады деп сендірген.
Сегіз жыл бұрын жоба құны 5,5 миллион доллар болады деп айтвлыпты. Алайда 2013 жылы жүргізілген тексерілісітің барысында айтылған уәделердің барлығы құры сөз екендігі анықталып, жоба жетекшілеріне қарсы қылмыстық іс қозғалған.
Ең қызығы, 2016 жылы бұл зауытта Қазақстан мен Финляндия кәсіпкерлері күн көзімен қуатталатын инверторларды жасап шығару қолға алынатын болады деп айтылған. Дегенмен де бұл жоба да іске асырылмай қалыпты.
Ақыр аяғында зауыт басшылығы 2019 жылы тендер ұйымдастырған. Осы жылдың 16 мамыр айында оның нәтижелері белгілі болып, WestEcoPlast ұйымы жеңіске жеткен. Ендігі уақытта бұрынғы планшет құрастырмақшы болған зауыт ғимаратында пластикалық каптар шығарылатын болады. Жоба 2020 жылдан бастап іске қосылатын көрінеді.
Тағы оқыңыз: Депутат Қуаныш Сұлтанов: Бізде бәрі "показуха"