Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық парашаңғышы Швецияда әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов парашаңғшы жарысында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ербол Хамитов

Ербол ерлер арасындағы спринтте алтын медаль жеңіп алған. Екінші болып мәреге украиналық Тарас Рад, үшінші болып бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра жетті. 

Бұған дейін отандасымыз әлем чемпионатында қола медаль жеңген. 

Парашаңғшы жарысы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында өткен. Оған 18 елден 102 спортшы қатысты. Сайыс 29 қаңтарға дейін жалғасады. 

Назархан Уән
Сәрсенбі, 25 Қаңтар, 2023 09:02
Талқылау