Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық парақор полицейлер жарты әлемді аралаған шетелдіктерді таңғалдырды

Неміс туристер Қазақстандағы жемқор полиция қызметкерлеріне шағымданды. Бұл туралы Deutsche Welle беделді басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Германиялық ерлі-зайыпты Қазақстанда жүргенде жергілікті полиция қызметкерлері олардан ақша талап еткенін айтты. Лаура мен Ульрих УАЗ-да бүкіл әлемді аралаған. Еуразия арқылы АҚШ-қа жеткен.

Бірақ, өкінішке орай, біздің еліміздің тәртіпті сақшылары естерінде ерекше сақталған. Олар неміс нөмірі бар көлікті әртүрлі себептермен тоқтатып, ұялмай пара талап еткен.

Бұған дейін отандық сенаторлар Ішкі істер министрлігі елдегі ең жемқор мемлекеттік органдардың бестігіне кіреді деп мәлімдеген. 

"Олардан бізді неге тоқтаттыңыз деп сұрағанымызда, жүргеніміз үшін деді. Иә, мен жүрдім, жүздеген мың басқа адамдар сияқты. Олар 10 мың теңге сұрады, айырбастау бағамы қандай болғаны есімде жоқ. Соңында тіпті саудаластық", - деді саяхатшы Ульрих.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі туристердің айыптауларына түсініктеме берді. ІІМ хабарлағандай, шетелдіктер Қазақстанға 2019 жылы жазда келген. Алайда олардан полицияға арыз түскен жоқ. Қазір ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті тексеріс жүргізуде.

"Ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан орын алған бұзушылықтардың барлық фактілері туралы азаматтар 1402 нөмірі бойынша сенім телефонына немесе "Police 102" қосымшасы арқылы дереу хабарлау қажет", - деді ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Әйгерім Оразалиева.

Гүлдана Қазтай
Сәрсенбі, 31 Наурыз, 2021 10:59
Талқылау