Қазақстандық парадзюдошы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
Қазақстандық парадзюдошы Даяна Фидосова Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Gара дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, спортшы нашар көретін спортшылар арасында 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен.
Фидосова турнирде төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Еске салайық, бұл Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы екінші медалі. Бұған дейін Ақмарал Науатбек күміс алған болатын.
Азия чемпионаты Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Турнир 30 сәуірге дейін жалғасады.
Талқылау