Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық палуан бұрын-соңды жеңілмеген өзбекстандықты нокаутқа жықты

Алматыда өткен Octagon 35 және Вrave CF 62 аралас жекпе-жек турнирінде қазақстандық Ринат Сағынтай (9-1) мен өзбекстандық Давлатбек Хожиев (3-0) күш сынасты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

ринат сағынтай

Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтті және үш раундқа есептелді. Екінші раундта қазақстандық спортшы Хожиевті техникалық нокаутқа жіберді.

Осылайша, Ринат Сағынтай ММА-дағы кәсіби мансабында оныншы жеңіске жетті, ал Давлатбек Хожиев бірінші жеңіліске ұшырады.

Octagon 35 және Вrave CF 62 турнирінің басты жекпе-жегінде бүгін қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев (13-4) және Бахрейн өкілі Магомед Магомедов (9-0) жекпе-жекке шығады. Олар Octagon лигасының жартылай орта салмақтағы чемпионы атағына таласады.

Талқылау