Қазақстандық отбасы құрт сатқан ақшасына үй салып алды

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында отбасы құртты сатудан түскен қаражатқа үй салып алған. Бұл туралы "Хабар" телеарнасының сюжетінде көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ниетқабыловтар отбасы көптеген жылдардан бері құрғақ сүт өнімдерін өндірумен айналысып келеді. Өнімдер жергілікті тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие.

Олардың шаруашылығында 20-дан астам сиыр, жыл бойы олардан сүт алады. Құрт жасау процесін тездету үшін қарапайым қолмен жұмыс істейтін ет тартқышты қолданады, оның көмегімен үйде жасалған құрт зауытта шығарылғандай болып көрінеді - біркелкі және формасыда бірдей. 

"Біз балаларға еңбекқорлықты үйретеміз, олар үй шаруашылығына көмектеседі. Әйелім екеуміз сиыр сауамыз. Қыста сүт аз болады, алайда құрт дайындауды тоқтатпаймыз", - дейді Сарықұдық ауылының тұрғыны Дулат Ниетқабылов.   

Күн сайын Ниетқабыловтар 400 данаға дейін құрт дайындайды. Оны арнайы дайындалған жылы бөлмеде құрғатады. Әр апта сайын отағасы өнімдерін сату үшін қалаға барады.

"1-2 мың дана сатамыз, сұраныс көп. Біздің құртты тіпті Атырау тұрғындары да сұрайды", - дейді ауыл тұрғыны Әлия Ниетқабылова.

"15 жыл ата-анамызбен тұрдық. Бір жыл бұрын ғана бұрыннан арман болған өз шатырымызға қол жеткіздік. Мұның бәрі табанды еңбектің арқасында жүзеге асты. Осындай күш-жігермен ақша алған кезде әрбір тиынды үнемдейсіз", - деп мойындады Дулат Ниетқабылов.

Сүт бизнесімен айналысатын отбасының үлкен жоспарлары бар. Алдағы уақытта Ниетқабыловтар цех салып, құрт өндіретін жабдық сатып алмақ. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр