Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

200 үй салмақ болған қазақстандық миллионерге британдықтар қарсы шықты

Британдық East Hotley тұрғындары қазақстандық миллионерді өз ауылының тарихи келбетін бұзды деп айыптады. Нұрлан Бизақов өзінің асыл тұқымды жылқы зауытының аумағында 200-ден астам үй салғысы келетінін айтқан, хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

2010 жылы Нұрлан Бизақов Шығыс Сассекстегі Гесмондс жылқы зауытын сатып алды. East Hotley тұрғындары оның инвестиция жасап жатқанына ризашылықтарын білдіреді. Алайда кейінірек қазақстандық кәсіпкер жылқы алқабында 205 тұрғын үй кешенін салуға рұқсат алғаны анықталады.

Жергілікті тұрғындар құрылысқа қарсы болып, Бизаковты сотқа бермекші. Олардың пікірінше, бұл 12 ғасырдағы ауылдың тарихи келбетін бұзады.

"Барлығы Бизаковты керемет деп санайды, өйткені ол миллиондаған қаражат салды. Бірақ мұндай масштабта үй салу мың жылдан астам уақыттан бері келе жатқан бірегей ауылдың тарихи келбетін бұзады", - дейді науқаншылардың бірі Джонатан Уолкер.

Нұрлан Бизақов Forbes журналы бойынша Қазақстандағы ең бай 50 кәсіпкердің бірі болған. 2017 жылдың мамырынан бастап оның байлығы 445 миллион долларға бағаланды.

Әр жылдары ол Казкоммерцбанктің директорлар кеңесінің мүшесі, «ШНОС» ААҚ басқарма төрағасы, «Нефтебанк» құрылтайшысы, «Sumbe» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және «Қазфосфат» АҚ басқарма төрағасы болды.

Нұрлан Бизақовқа тиесілі Англияның Шығыс Сассекс қаласындағы Hesmonds Stud компаниясы асыл тұқымды жылқыларды өсіреді, олар Англиядағы жарыстарда жиі жүлде алады.

Талқылау