Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар халықаралық пәндік олимпиадаларда 21 медаль жеңді

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазақстандық оқушылар халықаралық пәндік олимпиадаларда 3 алтын, 13 күміс және 5 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олимпиада

"Биылғы халықаралық пәндік олимпиадалардың аралық қорытындысын жариялағым келеді.  Бүгінгі күнге дейін оқушыларымыз 5 пәннен 21 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 13 күміс және 5 қола медаль бар.  Яғни 23 қатысушының 21-і жүлделі орындарға ие болды.Бұл жерде ең беделді халықаралық олимпиадалар туралы айтып отырмыз", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Оның сөзінше, биыл тұңғыш рет президенттің қолдауының арқасында оқушылар 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алып, ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға грантқа түсу мүмкіндігіне ие болады.

Министрдің мәліметіне сәйкес, оқушылар математикадан олимпиадада 3 күміс және 3 қола, физикадан 1 алтын және 4 күміс, географиядан 1 қола, биологиялан 3 күміс және 1 қола, химиядан 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алған. 

"Салыстырмалы түрде алсақ, былтыр командамыз 3 күміс және 1 қола медальмен марапатталған болатын. Барлық бағытта оң өзгеріс бар екенін байқауға болады. Бұл балаларымыздың дайындық деңгейін көрсетеді", – деп қосты министр. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 25 Шілде, 2022 16:02
Талқылау