Қазақстандық оқушы Еуропадағы ең үздік физик атанды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
17 маусымда Болгария астанасы Софияда Еуропалық физика олимпиадасы EuPhO-2025 аяқталды. Олимпиадаға 39 елден келген 200-ден астам жас физик қатысты. Қазақстандық оқушы Ильяс Қазыбек Еуропаның үздік физигі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстаннан қатысқан бес оқушы да жүлделі болған.
“Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ильяс Қазыбек олимпиада жеңімпазы атанды. Ол Қазақстан қоржынына алтын медаль әкелді", – деп хабарлады министрлік.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Сондай-ақ Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Алтаир Ақанов пен халықаралық “Miras” мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов күміс медаль иеленді.
Астанадағы халықаралық Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы Даниэль Түлебаевола қола медальді жеңіп алды. Ал Қостанай облысындағы Білім-инновация мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Таир Әбдіқадыр “Құрмет” грамотасымен марапатталды.
Команданы халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, тәжірибелі тәлімгерлер – Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмагұлов дайындаған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған