Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Фото: Маңғыстау облысы IT-лицейі

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Аустралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.

Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті: 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:

– Рамазан Бутантаев – 10-сынып, мамандандырылған IT лицей, Маңғыстау облысы;

– Самир Сарбасов – 12-сынып, Назарбаев зияткерлік мектебі, Астана қаласы;

– Тимур Кантаев – 11-сынып, "Арыстан" мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;

– Зере Серікова – 11-сынып, №9 "Зерде" мектебі, Астана қаласы;

– Темірлан Сейтбаттал – 11-сынып, БИЛ, Ақмола облысы.

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

– Ислам Сипатталов – 10-сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;

– Шыңғыс Қарасаев – 11-сынып, Назарбаев зияткерлік мектебі, Орал қаласы;

– Арон Хасанов – 11-сынып, БИЛ, Атырау қаласы.

Лингвистикадан құрама командасының жаттықтырушысы, лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті Аида Давлетова.


Шымкенттік оқушы әлемнің жетекші 50 университетінен шақырту алған


Алматылық оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинап, жаңа рекорд орнатты


Еске салайық, бұған дейін ҰБТ тапсырудан бас тартқан оқушы шетелдің 86 оқу ордасынан шақырту алғанын жаздық. Арыс қаласындағы білім ұясының түлегі Айсұлтан Алтынбек биыл мектеппен қоштасады. Бала күнінен IT саласына қызыққан түлек бүгінде мектебінің ғана емес, бүтін бір Түркістан облысының мақтанышына айналып отыр. 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 05 Мамыр, 2025 10:06
Талқылау