Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық нумеролог: Биыл дүниеге келген сәбилер мансапта биіктерді бағындырады

Балалы болуды пандемия аяқталғанға дейін жоспарламаңыз. Мамандар толық зерттеліп бітпеген жаңа вирустың салдары ана мен балаға қауіпті деген пікірде. Ал танымал нумерлог Құралай Бақытқызы биыл дүниеге келген сәбилердің денсаулығы әлсіз болғанымен, мансапта биіктерді бағындырады дейді.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Оған себеп жас аналарға дер кезінде көмектің болмауы. Сонымен, биыл  балалы болу неге қауіпті? Дәрігерлердің пікірін тыңдайық.
Пандемия  бэби-бумға себепкер болды. Биыл 400 мыңға жуық келіншек бала көтерген. Былтырғы жылмен салыстырғанда 13 мыңға артық. Бірақ мамандар, керісінше коронавирустың толқыны өтпейінше, балалы болуды жоспарламауға кеңес беруде. Өйткені толық зерттеліп бітпеген тәж тұмауының салдары белгісіз, әрі қауіпті дейді.

Елордалық  Еркежан Мұхтарбекқызы  ковид-19 дендеген  уақытта ауруханалардың есігін  жағалауға мәжбүр болған. Перзентханалар жабық, ал жолдамамен жіберген медициналық орталықта орын болмады, дейді.  

«Шамамен мен түскен уақытта алты еді. Сағат 11-ге дейін коридорда отырдым, бос орын болған жоқ.Мед қызметкер жата тұруымды өтінді... Таңғы 06 дейін мед қызметкерлердің жатын бөлмесінде түнеп шықтым», - деп жазды қала тұрғыны Еркежан Мұхтарбекқызы. 

«Биылғы жылы дүниеге келген адамдар бойында энергия өте көп болады. Сандар бойынша 2020 жылы осы дерт жайдан жай басталған жоқ. Яғни осы жылы дүниеге келген балалардың иммунитеті өте мықты деп айта алмаймын. Бойларында күш қуат бар, бірақ жаңағы 4 саны шымырлыққа жауап беретін, денсаулыққа жауап беретін біраз сандар әлсіз», - деді нумеролог Құралай Бақытқызы. 

Айта кетейік, ковид-19 диагнозы бес мыңға жуық жүкті әйелден анықталды. Олардың барлығы тиісті ем-дом қабылдауда.  Мамандардың зерттеуінше,  коронавирус инфекциясы анадан жаңа туған балаға берілмейді.

Талқылау