Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мұғалімдер Тоқаевтан министр Ғани Бейсембаевты отставкаға жіберуін талап етті

Бір топ мұғалім Қасым-Жомарт Тоқаев пен парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановқа ашық хат жазып, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты отставкаға жіберуді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Олар Ғани Бейсембаевты қызметінен алып тастаудың үш себебін көрсеткен.

"Дарынды жастар  "Педагог мәртебесі туралы" заң  қабылданған соң, ұстаздыққа бет бұрды. Еліміздің білім саласы пандемиядай қиын жағдай болса да, соңғы жылдары үздіксіз дамып келеді. Қазір білім-ғылымға бет бұрған жастардың да легі артуда. Бұл – еліміздің болашағы үшін үлкен күш. 

Бірақ соңғы тағайындалған оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев  бұл өзгерістерге саботаж жасауда. Жүрген жерінде көпірме сөзден аспайтын министр тіпті шағын мектепті басқаратын деңгейі жоқ екендігін көрсетуде. Бұлай кете берсе, оқу-ағарту ісіндегі соңғы жылдары жасалған оң өзгерістер құрдымға кетеді”, – делінген ашық хатта.

Бұл ашық хатқа 38 ұстаз қол қойған. Ішінде қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлы бар.

Мұғалімдер Бейсембаевтың бүкіл министрлік құрамды өзгерткеніне наразы. Бірінші вице-министрден бастап комитет төрағалары,  аппарат жетекшісі, департаменттердің директорларын ауыстырып, туыс-туғанды жинады деп балайды.

Екінші себеп ретінде белсенді мұғалімдер қудаланды дейді.

“Бейсембаев министр болып тағайындала салысымен білім саласындағы жемқорлықпен ашық күресіп жүрген кейбір белсенді мұғалімдердің үстінен шағым жаылзды. Шағым министрліктің белгісі қойылған арнайы қағазға жазылған. Облыстар мен аудандардың білім саласындағы басшыларының белсенді мұғалімдердің үстінен арыз беруі, қысымға алуы көбейіп кетті”, – деді ұстаздар. 

Әрі бұл министр келгелі ештеңе істелген жоқ деп санайды. Айтуларынша, оқу-ағарту саласына, білім сапасын көтеру, материалдық-техникалық база жұмыстарын реттейтін құжаттар шикі.

Талқылау