Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ММА шебері Қытайдың ең үздік лигасында жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асылжан Таскет Қытайдың ең үздік лигасында жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Naiza

Naiza, Alash Pride сынды отандық лигаларда өнер көрсеткен Асылжан Таскет келесі жекпе-жегін Қытайдың ең үздік тұжырымы саналатын JCK ұйымында өткізеді. Шаршы алаңда 6 жекпе-жек өткізіп, соның бесеуінде жеңіске жеткен отандасымыз 23 сәуір күні JCK Juecheng Night N83 турнирінде жергілікті спортшы Лу Каймен жұдырықтасады. Жартылай жеңіл салмақта өтетін кездесу турнирдің басты жекпе-жектерінің бірі болмақ. 

Айта кетейік, бұл Асылжанның халықаралық аренадағы алғашқы жарысы. Ал Луй Кай UFC-ге жолдама беретін Road to UFC турниріне екі рет қатысып, бір мәрте жартылай финалға дейін жеткен. 

Талқылау