Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық екі жылдан аса уақыт Lexus LX көлігін қайтармай, бұл үшін 550 мың теңге төледі

Фото: Видеодан скрин

Шымкент қаласының прокуратурасы банкроттық рәсімі жүріп жатқан бірнеше кәсіпорыннан заң бұзушылықтарды анықтады. Тексеру барысында 68 жұмыскерге төленбей тұрған 86,3 миллион теңге жалақы қарызы бойынша несиелік берешекті өтеу кезінде бірқатар заң талаптары сақталмағаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақрпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, прокурорлық қадағалау актілері негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 176-бабының 1-бөлігі (Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту және олардың бакроттығы кезiндегi құқыққа сыйымсыз әрекеттер) бойынша (550 480 теңге) банкроттық рәсімі жүргізіліп жатқан заңды тұлғаның басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол екі жылдан аса уақыт бойы банкроттықты басқарушыға өзіне тиесілі Lexus LX 570 автокөлігін бермей жүрген.


"78 адам жалған жұмысқа орналастырылған": Түркістанда жалақыны субсидиялау қаражатын жымқырғандар сотталды


Өмірде жоқ 100 мың малды жүйеге тіркеген: Түркістан облысында мал дәрігерлері 271 миллион теңге субсидияны жымқырған


Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 179-бабының 23-бөлігі бойынша (Оңалту және банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының бұзуы) (айыппұл – 82 572 теңге) 22 жұмыскерге 26,1 миллион теңге жалақы қарызын өтеу жөніндегі кредиторлар талаптарын орындамаған, 8 автокөлікті сатуды созып келген компанияның банкроттық басқарушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, анықталған заң бұзушылықтар жойылып, тағы бір компания екі жұмысшыға 5,4 миллион теңге көлеміндегі жалақы қарызын өтеген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда сот орындаушы 370 миллион теңге мен Range Rover автокөлігін иемденіп алғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 05 Желтоқсан, 2025 12:46