Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қос каратэші халықарылық турнирде топ жарды

каратэФото:Stan.kz collage

Стамбұлда каратэден жылдың алғашқы Премьер-лига жарысы жалауын көтерді. Байрақты бәсекеде қазақстандық қос каратэші ару алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алғашқы жарыс күні -55 келіде ел намысын қорғаған Бэлла Самашева ақтық сынға жолдама алды. Отандасымыз шешуші айқаста словакиялық Нина Квасниковадан айласын асырды. Осылайша ол ұлттық құрама сапынан алғашқы алтынды ел қоржынына салдв.

Ал жарыстың екінші күнінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева аса ауыр салмақты күш сынасты. Ол финалдық бәсекеде Непал елінің өкілі Арика Гурунгті тізе бүктіріп, чемпион атанды.

Айта кетейік, Бэлла Самашева екі дүркін Азия чемпионы, сондай-ақ әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Софья Берульцева Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы. Бұған қоса әлем чемпионатның күміс медаль иегері.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 26 Қаңтар, 2026 08:26