Қазақстандық қос боксшы Ресейдегі халықаралық турнирде алтынға ие болды
Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдаулетов Ресейде өткен "Санкт-Петербург губернаторының кубогы-2021" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұрдаулет 81 келіге дейінгі салмақ категориясы финалында ресейлік Имам Хатаевты тізе бүктірді: қазақстандық спортшы өз қарсыласын нокдаунға жіберді.
Тағы бір қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов алтын медаль иегері атанды. Ол 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Андрей Замковты сұлатты.
Бұған қоса, тағы үш отандасымыз Даниял Сәбит, Бекнұр Ожанов пен Айбек Оралбай қола медальға ие болды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ