Қазақстандық көлігінің Украинадан ұрланғанын анықтап, сатушыдан ақысын өндіріп алды
Фото: freepik.com
Қазақстандық тұрғын 2019 жылы сатып алған көлігін төрт жылдан кейін қайта сатпақ болғанда, көлігінің Украина аумағынан 2015 жылы айдап әкелінгені анықталған. Көлік иесі осы жағдайдан кейін сотқа жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік иесі сотқа мәмілені жарамсыз деп танып, сатқан адамға төлем сомасын қайтару туралы талаппен жүгінген. Алайда ол шарт орындалғанын, сондай-ақ талап қою мерзімі өтіп кеткенін алға тартып, төлемді қайтарудан бас тартқан.
Алайда Ақмола облыстық соты мәміле жасасу кезінде автокөлік іздеуде болғанын білмегенін анықтаған. Көлік құралы елге заңсыз әкелінгендіктен, ол сатып алу-сату мәмілесінің нысанасы бола алмайды Сондай-ақ сатып алушы 2023 жылы ғана құқығы бұзылғанын білген, сондықтан талап қою мерзімі өтпеген.
"Сот шешімімен талап қанағаттандырылды, көлік құралын сатып алу-сату жөніндегі мәміле жарамсыз деп танылды. Сот Б-ны автокөлікті К-ға. қайтаруды міндеттеді, Б-ның пайдасына төлнген сома өндіріп алынды", – делінген сот хабарламасында.
Сот актілері заңды күшіне енді.