Қазақстандық келіншек құжат бойынша ойламаған жерден Марокко азаматшасы болып шықты
Қазақстандық келіншек құжат бойынша ойламаған жерден Марокко азаматшасы болып шықты. Оқиғаға қатысты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ оқиғаға қарсы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық Аида Ибрагимова ұлының туу туралы куәлігінде өзінің Марокко азаматшасы болып жазылып кеткенін айтты.
“Кеше eGov-қа кіріп ұлымның туу туралы куәлігін тексергенмін. Куәлікте анасы, яғни, мен Марокко азаматшасы ретінде тіркелгенмін. Ең болмаса азаматтық берсе қайтер еді, тіпті азаматтығым да жоқ екен”, – дейді Аида Ибрагимова.
Оқиғаға қатысты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ түсініктеме берді. Олар жазбаның тез арада жөнделгенін, техникалық қателік кеткенін хабарлады.
"Цифрлық құжатта - Аида Ибрагимова ұлының туу туралы куәлігі қате мәліметтер көрсетілді, өйткені АХАЖ мәліметтер базасында жарияланбаған ақпараттар болған. Қазіргі уақытта тіркеу жазбасы түзетілді, азаматтығы дұрыс көрсетілген", - деп хабарлады “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
