Қазақстандық кәсіпқой боксшы екінші жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтады
Қазақстандық боксшы Виктор Темиров (2-0, 2 КО) Бад-Вильдунгенде (Германия) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz Ақпарат агенттігі
21 жастағы алматылық бірінші орта салмақта грузиялық Бека Мурджикнелимен (6-24-1, 4 КО) кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Виктор Темиров кәсіпқой бокста 2021 жылы 10 шілдеде дебют жасаған болатын. Ол кезде Мюнхенде (Германия) тағы бір грузиялық боксшы Гурам Куртанидзені (4-15-5, 1 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”