Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкерлер АҚШ-тағы Pinemelon жобасын аяқтады

Фото: Іnstagram.com/alexnomad

Қазақстанда Ticketon, Aviata.kz, Arbuz.kz басшысы ретінде танымал Алексей Ли мен оның жұбайы Анна Ли 10 мамырда АҚШ-тың Денвер қаласында Pinemelon ауылшаруашылық азық-түлік өнімдерін жеткізуге арналған жобаның жабылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz хабарлайды.

Қазақстандық кәсіркерлер шетелдегі кәсібін не себепті жапқанын түсіндірді.

“Біз Pinemelon-ды жабуды шештік. Бас тартудан қабылдауға дейінгі барлық кезеңнен бірге өттік. Өз қаражатымызды қосқанда миллиондаған доллар инвестицияладық. Идея келгелі төрт жыл, жобаның жүзеге асқанына үш жыл болды. Біз ай сайынғы сатылымды 900 мың долларға дейін жеткіздік, мыңдаған клиент пен жүздеген жергілікті жеткізушімен жұмыс істедік. Алайда өзін-өзі ақтау үшін қажет қаражат жетпеді”, – дейді кәсіпкерлер. 

Алексей мен Анна 2024 жылдың желтоқсанында "соңғы рет үлкен күш жұмсап", жеткізудің "үнемді" үлгісіне ауысып, команданың жартысын қысқартқан. Осылайша, биыл қаржылық жағдайды түзетуге барынша күш салғанына қарамастан, Pinemelon 2025 жылдың 11 мамырында барлық бизнес операцияларын тоқтатты.

“Соңғы тапсырыстар 11 мамырда жеткізіледі. Кәсіпкерлер, олардың айтуынша, жұмысшыларының жалақысын толық төлеп, жергілікті тауар өндірушілерге ең жоғары жалақы төлеген. Жұмысшылардың жалақысын толық төледік. Тоқтата салуға болмайтын ұзақ мерзімді келісімшарттар бар. Бірақ өтімді активтер қалмады. Біз бизнесті дұрыс жабудың барлық аспектісін мұқият зерттеуге тура келді. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Бұл біздің АҚШ-та компанияны ашудағы алғашқы тәжірибеміз, бірақ соңғысы емес”, – деді Алексей мен Анна.

Кәсіпкерлер жергілікті тауар өндірушілерге ең жоғары жалақы төлеген. Олар қазір Америкада.

Pinemelon – Arbuz.kz компаниясының халықаралық кеңею жобасы ретінде жүзеге асқан кәсіп. Азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия және тұрмыстық тауарларды тапсырыс берген күні жеткізу үлгісімен жұмыс істейтін онлайн супермаркет 2011 жылы құрылған. Алексей Ли өз командасымен бірге 2018 жылғы осы жобаның жаңа иесі ретінде маусымда қосылды. 2021 жылдың сәуірінде кәсіпкер Arbuz.kz-тің шетелге шығатынын мәлімдеді. 

"Компания Pinemelon деген брендпен халықаралық нарыққа шықты", – деді ол. 2021 жылы Америка Құрама Штаттары мен Бельгия нарығына шығып, жыл соңына дейін үлкен инвестициялар тарту жоспарланған еді. Сол уақытта қазіргі иелері жобаға 10 миллион доллар (11 миллион доллардан астам, Турлов кейінірек, 2023 жылдың наурызында нақтылады) инвестициялады.

Жоба 2022 жылдың сәуір айында АҚШ-тың Колорадо штатының Денвер қаласында іске қосылды және Farmers Market Delivered үлгісімен жұмыс істеді. Яғни, ферма өнімдерін жеткізу. 2024 жылға қарай Pinemelon-ды қолдану аясын 30 қалаға жеткізу жоспарда болды.

2023 жылы маусымда бизнесмен Тимур Турловтың Freedom Holding Corp (FRHC) (байлығы 5,8 миллиард долларға бағаланған) Қазақстандағы Arbuz.kz сайтының негізгі пакетін – 81,92% сатып алғанын жариялады. Кәсіпкердің баспасөз қызметі 2019 жылы Турловтың жобаға 200 миллион теңге инвестиция салып, онлайн супермаркеттің "ірі инвесторы" болғанын мәлімдеді. Кейін активтер жинағының Freedom Holding 16,51 миллион долларға сатылғаны белгілі болды.

2024 жылы Arbuz.kz 2023 жылы $24,1 млн (23,4%) табыс тауып, Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша 50 ең ірі онлайн сауда платформаларының рейтингінде 27-орынға ие болды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025 11:32
Талқылау