Еліміздегі ең бай адамдардың бірі Қостанайда сотталады
«Иволга Холдинг» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Василий Розинов істі болды. Ол Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «алаяқтық» бойынша айыпталып жатыр.

Басты сот процесі 17 қыркүйекке белгіленген. Розинов кепілдікке алынды.
Василий Розиновқа аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Егер ол кінәлі деп табылса, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.
Еске салайық, 2016 жылы Еуразиялық банк «Иволга Холдинг» ЖШС-ны ірі қарыздар бойынша банкрот деп жариялау туралы сотқа жүгінген болатын. Өтініш қанағаттандырылмады.
Кейін серіктестіктің бас директоры өзгерді, ал 2018 жылы компания таратылды. Оның орнына «Олжа Агро» ЖШС пайда болды.
Розинов елдегі ең бай 50 кәсіпкердің тізіміне енген кәсіпкер.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы