Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында қиындықтар орын алды

Барлық қазақстандық халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚО) жұмысында техникалық ақаулар шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, техникалық қателіктерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен авто орталықтарда адамдардың арасында ұзын кезек пайда болды. 

"Бүгінгі күні халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жеке ақпараттық жүйелер дұрыс жұмыс істемейді. Осыған байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен авто орталықтарда азаматтардың тығыздығы байқалады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта "Ұлттық ақпараттық жүйелер" АҚ мамандары техникалық ақауларды жойып жатқандығы атап өтілді.

"Біз әрбір қызмет алушыдан шыдамдылық танытып, мүмкіндігінше азаматтардың көп шоғырланатын орындарынан аулақ бола отырып, мемлекеттік қызметтерді онлайн режимінде алуын сұраймыз", - деп қосты баспасөз қызметі.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 18 Қаңтар, 2021 14:18
Талқылау