Сирияда соғысқан қазақстандық содыр Ұлттық қауіпсіздік комитетіне өз еркімен берілді
Қазақстан азаматы халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен Түркияда ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада Бас прокуратурамен бірлесе отырып күдіктіні Анталия қаласынан Алматыға алып келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Тергеу материалына сәйкес, күдікті бұған дейін Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жеткен. Полиция оны сол жерде ұстады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, күдікті өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екенін жеткізді.
“Ұлттық қауіпсіздік комитеті фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды”, – делінген хабарламада.
Ведомство қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын ескертті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"