Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық гимнастшылар Азия ойындарында ұлттық құрамаға екі медаль сыйлады

Қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева мен Милана Парфилова жазғы Азия ойындарында екі жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

18 жастағы Таниева мен 16 жасар Парфилова жеке сайыста күміс пен қоланы жеңіп алды. Таниева 130.700 ұпай жинап, 2-орынды иеленді. Парфилова 130.050 ұпайды еншілеп, 3-орын алды.

131.300 ұпаймен өзбекстандық Тахмина Икрамова жеңімпаз атанды.

Азиада аяқталардан бір күн бұрын Қазақстан құрамасы медальдық есепте 11-орында тұр. Командамыздың еншісінде он алтын, 21 күміс және 47 қола, барлығы 78 медаль бар.

Талқылау