Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов “Париж 2024” Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алды

“Париж 2024” Олимпиадасында ел қоржынында тағы бір медаль. Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбановың күміс жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Олимпиада комитетініен

Бірінші орынды ирландиялық Рис МакЛенаган 15,533 ұпаймен алды. Ал үшінші орында АҚШ-тан келген Стивен Недорощик 15,300 ұпаймен иеленді.

Нариман 15.433 ұпай жинап, екінші орында күміс ұтты. Бұл Нариманның Олимпиада ойындарына алғаш қатысуы.

Фото Олимпиада комитетініен

Бұл спорт гимнастикасынан Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль. 

Құрбанов өзінің мансабында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Ол 2024 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында ат спорты бойынша алтын медаль жеңіп алған. Сонымен қатар, ол екі рет әлем чемпионатының жүлдегері болған. 

Осымен 2024 жылғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының қоржыныны алтыншы медальмен толықты. 

Айта кетсек, қазір Қазақстанда бір алтын (Елдос Сметов), бір күміс және екі қола медаль еншіледі. Қоланы дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен нысана көздеуден Ислам Сатпаев пен Александра Ле алған еді. 

Талқылау