Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдардың коронавирусқа қарсы вакцинасы тышқандарға сыналды

Қазақстандық ғалымдар жасаған коронавирусқа қарсы инактивацияланған вакцина сынақтан сәтті өтіп жатыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

Министрдің сөзінше, қазіргі таңда биотехнологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттейтін институт ғалымдары 3 платформада коронавирус инфекциясына қарсы 5 кандидаттық вакцина әзірлеп жатыр

"Біріншіден, инактивацияланған вакцина, химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирустарға негізделген. Бұл вакцина бойынша ДСҰ инактивацияланған кандидаттық вакцинаны әзірлеу хаттамасын тексеріп, 2020 жылғы 15 мамырда өзінің тізіміне ресми енгізді. Екіншіден, рекомбинат супрлік вакцинациялар дайындалып жатыр. Үшіншіден, рекомбинат векторлық платформаның негізінде вакцина дайындалып жатыр", - деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, аталған кандидаттық вакцинаға клиникаға дейінгі сынақ сәтті өтіп жатыр.

"Жалпы сынақтар сәтті өтіп жатыр. 2020 жылғы 15 мамырда кандидатты инактивацияланған вакцина клиникаға дейінгі сынақты бастадық. Ол тышқандарға егілді. Вакцинаның қауіпсіздік және иммуногендігі тексерілді. 2020 жылғы 10-23 маусым аралығында кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді", - деді министр.

Аймағамбетовтің мәліметінше, вакцина маусым, шілде айларында әртүрлі жануарға, оның ішінде приматтарға егіліп, ары қарай оның жалпы иммуногенділігі зерттеледі. Ал қыркүйек айында клиникалық зерттеулерге көшу жоспарда бар.

 

STAN.KZ
Жұма, 19 Маусым, 2020 10:05
Талқылау