Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық футболшының Ұлыбританияның жетекші клубына ауысқаны расталды

Ислам Чесноков

Фото: qsport.tv

Шотландиялық "Хартс" футбол клубының бас бапкері Дерек Макиннес қазақстандық футболшы Ислам Чесноковтың өз командасына ауысқанын ресми түрде растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазір 25 жастағы Чесноков Қостанайдың "Тобылында" ойнайды, бірақ шотландиялық клубтың қызығушылығы туралы қауесеттер көптен бері тарап жүр.

Енді ресми сұхбатында шотландиялық клубтың бас бапкері Чесноковтың Хартс үшін қашаннан бастап ойнайтынын жариялады.

Jamestown Analytics көмегімен құрамын күшейткен Макиннес алдағы айларда командаға қосылуы мүмкін күшті ойыншылардың болғанына қуанышты екенін айтты.

"Біз оралуымыз керек. Бізде бірнеше жарақат алған ойыншылар бар және бүгін трибунада тұрған бірнеше ойыншы бар. Жақсы ойыншыларымыз бар, бұл біздің құрамның деңгейін көрсетеді. Агеу Килмарнокқа оралуы мүмкін, Фрэнки Кент Селтикке оралады, Ислам Чесноков 2026 жылдың қаңтарында келеді, сондықтан құрам қазірдің өзінде біршама күшейтілген. Менің ойымша, біз жаңа ойыншылар арқылы жақсара аламыз", – деді Дерек Макиннес.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 09 Қазан, 2025 20:56
Талқылау