Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық еріктілер коронавирусқа тест тапсыра ма?

Ұлттық еріктілер желісінің төрайымы Вера Ким еріктілердің пандемия жағдайында қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Егер біз қауіпсіздік туралы айтатын болсақ, еріктілер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұл маскалар, қолғаптар, қажет болса, қорғаныс костюмдері. Егер біздің желімізге тартылған еріктілер туралы айтатын болсақ, онда олар әр апта сайын сынақтан өттіп отырады, сондықтан біз олардың денсаулықтарының жақсы екеніне көз жеткізіп отырамыз", - деді Вера Ким брифингте.

Коронавирус жұқпасы бар адамдармен араласатын еріктілерге келетін болсақ, олар да тестілеуден өтеді дейді.

"Нұсқаулар жүргізілуде, медициналық мекемелер инфекцияны жұқтыруды болдырмау үшін қажет нәрсенің бәрімен қамтамасыз етеді", - деді төраға.

Ол Ұлттық еріктілер желісі қызметкерлерінің арасында жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ деп атап өтті. Алайда, басқа еріктілер ұйымдарының еріктілері коронавируспен ауырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр