Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айналым 100 миллион теңге: Қазақстандық ер адам Telegram арқылы 2 мыңнан аса клиентке есірткі сатқан

ЕсірткіФото: Видеодан скрин

Қостанай қаласында сотпен әлеуметтік желілер арқылы есірткі сату ісі бойынша айыптау үкімі шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған қылмыстық істі тергеуді қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті жүргізген.

Тергеу барысында бір топ адамның Telegram мессенджерінде "Thс Seller" атты наркошоп ашқаны анықталды. Осы ресурс арқылы 2 мыңнан астам клиент есірткі сатып алып, жалпы айналым 100 миллион теңгеден асқан.

Есірткі саудасынан түскен табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің атына рәсімделген банктік карталар пайдаланылған.

"Тінту кезінде жалпы салмағы 30 келіден асатын марихуана мен гашиш тәркіленді. Сот үкімімен кінәлілер 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған екі автокөлік мемлекет меншігіне тәркіленді", – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


3,9 млн теңгеге дейін айыппұл: Блогер Жанәбіловтардың көлік ұтысынан кейін туризм министрлігі тексеруді қолға алды


"Субсидияға бөлінген 110 млн теңгені құмар ойынға жұмсаған": Жетісу облысында ЖШС басшысы мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді


Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында тұрғын жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсіргенін жазған едік. Алматы облысында полицейлер жүгері алқабының арасынан 233 түп қарасора егілген жасырын плантация тапты. 36 жастағы күдіктіден қосымша марихуана тұқымдары салынған 58 пробирка тәркіленді. Жалпы салмағы 49 келіден асатын есірткі сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 25 Тамыз, 2025 11:39
Талқылау