Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық екі банкке айыппұл салынды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Қазақстан Халық Банкі" мен "Сбербанкке" айыппұл салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарыздар бойынша сыйақы мөлшері туралы ақпаратты жариялаған кезде сыйақы мөлшерлемесін дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептеп көрсетпегені үшін екі банкке әкімшілік жаза қолданылды

2021 жылдың шілдесінде "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ға 145 850 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар 2021 жылдың тамызында агенттік "Сбербанк" АҚ-ға дәл осындай көлемде әкімшілік айыппұл салды.



2021 жылдың тамызында "Шинхан Финанс" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның Микрокредит беру туралы үлгілік шарты Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін жазбаша ұйғарым жіберілді.

Шілде және тамызда бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне, сақтандыру нарығы субъектілеріне қатысты құқық бұзушылықтар, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеттер және алаяқтық фактілер анықталған жоқ.

Талқылау