Қазақстандық дзюдошы Португалия гран-приінде медаль иеленді
Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Португалия Гран-приінің қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
48 келі салмақта додаға түскен қазақстандық спортшы голландиялық Амбер Герш пен француздық Лаура Эспадиньяны жеңгенімен, кейін жапондық Кано Миякиге есе жіберді. Жұбаныш жекпе-жектерде Абиба бельгиялық Лоис Пети мен түрік Сила Ерсинді жеңді.
Еске сала кетейік, Португалия Гран-приі 28 қаңтарға дейін жалғасады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”