Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінде әлем чемпионын жеңіп финалға жолдама алды

Дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Нұрқанат Серікбаев 2019 жылғы әлем чемпионы, грузиялық Лукуми Чхвимианиді жеңіп, финалға шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрқанат Серікбаев

Нұрқанат Серікбаев 60 келіге дейінгі салмақта финалға жолдама алған. Жарыс аясында ол төрт белдесу өткізді.

Отандасымыз алдымен БАӘ өкілінен, сосын әзербайжандық балуаннан басым түсті. Ширек финалда өзбекстандық Ділшотбек Баратов, жартылай финалда грузиялық спортшыны жеңді. 

Финалдық кезеңде Серікбаев Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джунмен алтын медаль үшін таласады. 

Талқылау