Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызыл алса Дубайдан пәтер": Қазақстандық диплом алған інісіне 2 миллион теңге көрімдік берді

інісіне 2 миллион теңге көрімдік берді

Фото: Видеодан скрин

Інісінің диплом алуымен құттықтап барған ағасы көрімдікке 2 миллион теңге беріп, көпшілікті мәрттігімен тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Бекзат ағай деген атпен танымал жігіт Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітіріп жатқан інісіне 2 миллион теңге көрімдікті санап берді.

Желі қолданушылары 20 мың теңгенің 87 данасын санап, қолына ұстатты деп жарыса жазды. Енді бірі көрімдіктің 2 миллион теңгеге жетпейтінін айтты.

“Картасын 300 мың салдым, 250 мың теңгеге костюм алып бердім. Бітіру кешіне деп 100 мың теңге, көрімдікке 1 800 000 теңге бердім”, – деді автор.

Желі қолданушылары інісіне барын берген жігіттің мәрттігіне сүйсініп, қызыға қарады.

“Бұндай көрімдік алу үшін қай жерді оқып бітіру керек”, “Ағаңа іні керек емес пе”, “Неткен жомарттық, мәрттік”, “Берген соң осылай беру керек, ағасы бардың жағасы бар”, “Қызыл алса Дубайдан пәтер ме”, “Мен диплом алғанда мына кісі қайда болған”, “Мәрт жігіт екен, нағыз азамат”, – деп жарыса жазды желідегілер.

@rich_mannn @_nurtayev_ ♬ оригинальный звук - Bekzat agai🧑🏻‍🏫

 

Айым Болатқызы
Жұма, 11 Шілде, 2025 18:32
Талқылау