Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық депутат Азат Сембиновтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Парламент мәжілісінің депутаты Азат Сембиновтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Азат Талғатұлы Сембинов өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш берген. Мәжіліс оның депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.

"Мен үшін бұл үлкен мектеп болды деп санаймын. Қысқа мерзім болса да, үлкен тәжірибе жинадым. Жақсылықта кездесе берейік. Баршаңызға алғыс айтамын", – деді Сембинов.

Сембиновтың орнына жаңа депутат келіп, Парламент мәжілісінің жаңа депутаты ант берді.

"Өткен сессияның соңында Нұрлыбек Ожаев Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мәжіліс депутаты ретінде тіркелген болатын. Конституция бойынша парламент депутаты Қазақстан халқына ант береді", – деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Ожаев Nur Otan партиясының тізімі бойынша мәжіліске өтіп тұр.

Жаңа депутат аграрлық мәселелері жөніндегі комитеттің мүшелігіне де сайланды.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 01 Қыркүйек, 2021 15:17
Талқылау