Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Дарын Әскербек еркін күрестен Италияда өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық Дарын Әскербек еркін күрестен Италияда өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі мәлімдеді.

Дарын Аскербек

“Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Дарын Әскербек Римде өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Финалда спортшы америкалық Джексен Патрик Форрестпен кездесті”, - делінген ақпаратта.

Жекпе-жектің өте тартысты өткені айтылады.

“Дарын сайыс басында есеп бойынша жеңіліп жатты, алайда есені тез қайтарып, 11:10 есебімен жеңіске жетті”, - деп қосты Ұлттық Олимпиада комитеті.

Ақберен Амангелді
Жексенбі, 31 Шілде, 2022 09:12
Талқылау