Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дәрігерлер жастардың үйленбей тұрып медициналық тексеруден өтуін заңмен негіздеуді қалайды

Бүгінде әлемнің бірқатар елінде жастарды некеге тұрар алдында толық денсаулық тексеруінен өтуге заң жүзінде міндеттейді. Отау құрғысы келетін екі жас дәрігерге қаралып, қандай да бір сырқатының бар-жоғын анықтайтын анализдер тапсыруы тиіс. Әр елде талап әртүрлі. Ал, біздің елімізде заң қандай?

Қазақстандық дәрігерлер жастардың үйленбей тұрып медициналық тексеруден өтуін заңмен негіздеуді қалайды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Статистикаға сүйенетін болсақ 14 мыңнан астам жұп бедеу ретінде тіркелген. Олардың 15 пайызы  жас жұбайлар. Ажырасудың жиілеп кетуіне медициналық тексеруден өтпей үйлену себеп пе? 

Елімізде 14 мыңнан астам жұп бедеу ретінде тіркелген. Олардың 15 пайызы жас жұбайлар. Бұл көрсеткіш біздің заңның осалдығынының көрінісі. Өйткені өзге мемлекеттерде міндеттелген заң, мемлекетімізде кенже қалып тұр. Сондықтан да өз еркімен дәрігердің алдына баратындардың саны тым аз. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтардың тек 10-20 пайызы ғана отбасын құрар алдында денсаулығына мән береді екен.

«Қазір бізде генетикалық ауытқуы бар балалар көп туылып жатыр. Ол статистика бойынша жылдан жылға өсіп жатыр. Бұның да бір себебі болашық аналар, қыз-келіншектер олар міндетті түрде тексеруден өтіп дайындалса, дені сау ұрпақ көтеріп, босануына өте жақсы нәтиже береді», - деді акушер-гинеколог Нұржамал Өтемұратова. 

Әлеуметтанушы маман азаматтарды үйленер алдында дәрігерлердің есігін қағуға міндеттеудің қажеті жоқ деген пікірде. Мәселен, ажырасудың бір себебі осы мәселе болса да, ол әр адамның өз шешімі дейді.

«Егер мақсаты ұрпақ жалғастыру болса, олар міндетті түрде тексерілуі қажет. Егер бұл маңызды болмаса яғни, бір-бірін түсінушілігі жоғары болса онда басқа мақсатпен қосылуы мүмкін. Ол маңызды болмауы да мүмкін. Мысалы қазір ата-анасыз өсіп жатқан балалар қаншама, Сондай идеялармен де сондай мақсатпен де қосылу мүмкін», - деді әлеуметтанушы Эльмира Отар. 

Дәрігерлер Қазақстанда жастарды неке алдында медициналық тексеруден өтуге міндеттейтін  заң қабылдаса, бедеуліктің алдын алып, ажырасуды азайтуға болатынын айтады. Осыған байланысты тұрғындардың пікірі қандай?

«Өзімнің ойым медтексеру керек емес. Бұрындары аталарымыз ешқандай тексерусіз дені сау ұрпақ дүниеге келген».

«Әрине енді әр адам өз денсаулығы үшін уайымдау керек».

Қазақ ұрпақ қамын әуелбастан ойлаған халық. Жеті атадан аспай қыз алыспау соған негізделген. Отбасын құрмастан бұрын денсаулығын тексерту ұлтымыздың ұрпақ денсаулығына деген қамқорлығын көрсетеді дейді қоғам белсендісі.  

«Көзі ашық, оқыған жігіттердің қыздардың мұндайдан өтпеуі ең бірінші болашаққа деген жауапкершілігінің жоқтығынан деп ойлаймын. Медицинаға төлейтін ақша жоқ деп айту әйтпесе, ойпырмай, осы әзер дегенде тапқан қызым, әзер дегенде тапқан жігітім тезірек шығып алайын деген ой болмайтын шығар ол жаста. Бұл жерде де айналып келгенде жауапкершілікке келіп тіреледі», - деді қоғам белсендісі Камал Әлпейісова. 

Айта кетейік, еліміздің емханаларында отбасын жоспарлау бойынша 300-ден аса кабинет, сондай-ақ жастарға бедеулікке соқтыратын себептер бойынша ақпарат беретін 80-нен астам орталықтар бар.

Талқылау