Қазақстандық COVID-19-ға қарсы вакцинаның сынақтары қашан аяқталады? Министр жауап берді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық вакцинаны сынау 2021 жылдың сәуір айының соңына дейін аяқталуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"COVID-19 вакцинасына қажеттілікті қамтамасыз ету үшін біз вакцинацияланатын қауіп топтарын анықтадық. Бұл 60 жастан асқан созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері мен тәрбиешілер. Республика бойынша вакцина алатындардың алдын ала саны 2,8 миллион адамды немесе халықтың 15 пайызын құрайды. Бұл үшін екі дозада 5,6 миллион доза вакцина қажет болады",-деді Цой ОКҚ онлайн-брифингінде.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі ресейлік "Спутник V" вакцинасын, Astra Zeneca компаниясының Оксфорд вакцинасын сатып алу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау мақсатында клиникалық сынақтарға қазақстандық вакцинаны ресми түрде қабылдады. 17 қыркүйекте фтизиопульмонология ғылыми орталығының базасында клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңін жүргізуге рұқсат алынды. Биылғы 17 қарашада екінші кезеңнің клиникалық зерттеулерін аяқтау жоспарлануда. Үшінші кезең 2021 жылдың сәуір айының соңына дейін жалғасады", - деді министр.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
