AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бүлдіршінге шұғыл ем қажет: Ата-анасы көмек сұрайды

Германия дәрігерлері сегіз айлық қазақстандықтың өмірі үшін күресіп жатыр. Виктория Дочупайлова қатерлі эпилепсиямен ауырады. Балада Коппол-Дулак синдромы туғаннан кейінгі екінші күні анықталды. Содан бері ата-анасы қызын құтқаруға тырысуда, бірақ шетелде емделу көп ақша талап етеді - 23 мың евро. Ал отбасында мұндай қаражат жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап  хабарлайды. 

"Біздің Викуля, біздің қызымыз толыққанды дамуы үшін. Біз оның тәтті күлкісін естігіміз келеді. Жағдай нашарлағандықтан, біз ауруханада қаржылық мүмкіндігімізге қарағанда көп уақыт болдық", - деді туысы Марина Ильина.

Ауру бүкіл денеде үнемі құрысумен бірге жүреді. Көбінесе көмейде. Кішкентай Вика екі рет пневмониямен ауырған. Бала қатты ауырады. Қазір сәби өмір мен өлімнің арасында. Ол басын көтеріп, өздігінен тамақтана алмайды. 

Неміс дәрігерлері қыздың аурудан айығуына көмектесуге уәде берген. Қазір Вика және оның отбасы Германияда емделіп жатыр. Бірақ емдеу процесі қымбатқа шықты. Сапарға дейін отбасы 7,5 миллион теңгені өз күштерімен жинаған. Бірақ бұл қаражат жеткіліксіз болды. Отбасының ауруханаға төлейтін ақшасы жоқ. Енді ата-анасы қазақстандықтардың көмегіне үміт артады.

"Виканың құрысуы оның өмірінің екінші күнінен басталып, күн сайын жалғасуда - күніне 20-80 рет. Вика осы азаптардың бәрін үнемі бастан кешірді. Біз ауруханада жатырмыз. Біздің бұл емге төлейтін ақшамыз жоқ. Виканың осы мүмкіндікті жіберіп алмауына көмектесіңіздер", - деді Викторияның анасы Наталья Дочупайлова.

Ниет білдірушілер төмендегі шоттар бойынша көмек көрсетуіне болады:

Halyk Bank: 4405 6397 7176 0889

Kaspi Gold: 5169 4971 9440 9466

СберБанк: 4263 4333 3666 4021

Байланыс нөмірі: +7 777 334 5311 (Марина Ильина)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр