Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар әлемдік рейтингте төмендеді

Сұлтан ЗауырбекФото:Getty images/Сұлтан Зауырбек

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы жаңартылған рейтингті жариялады. Жаңартылған тізімде бірнеше қазақстандық боксшылар рейтингте төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтар болсақ, екінші орта салмақтағы Бек Нұрмағанбет 9-сатыдан 11-орынға құлдырады. Ал екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зауырбек үздік үшіктен шығып, 4-орынға жайғасты.

Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек бұған дейін де WBO рейтингінде де төмендеген еді. 


Абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфорд Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге ниетті болған


“Бұрын аш едім, қазір тоқпын”: Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысына жеңілгеннен кейін мәлімдеме жасады


Сондай-ақ жартылай орта салмақта WBA нұсқасы бойынша Asia чемпионы Руслан Мадиев өз орынын сақтап, 10-орында қалды.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 02 Сәуір, 2026 14:54