Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы WBC, WBA және WBO экс-чемпионымен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Әбілқайыр Шегалиев (8-0-7, 4 КО) кезекті кездесуін Мәскеуде 16 қыркүйекте өткізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әбілқайыр

Шегалиев ресейлік Андрей Сироткинмен (20-2-1, 7 КО) жұдырықтасады. Бұған дейін Сироткин Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы (17-0, 10 КО) жекпе-жек өткізіп, 5 раундта жеңіліп қалған. 

Өз мансабында Сироткин үш бокс ұйымының WBC ABC Continental, WBA Inter-Continental, WBA Asia, WBO European екінші дәрежелі белбеулерінің иегері болған. 

Ал Әбілқайыр Шегалиев ақпанда ресейлік Манук Диланянмен (12-9-2, 5 КО) жұдырықтасып, тең түскен еді. 

Талқылау