Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын 43 секундта сұлатып салды
Жауырыны жер иіскемеген қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов кәсіби-рингте сегізінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мұсаділов бірінші ауыр салмақта (90,718 келіге дейін) өнер көрсетеді. Бұл жолы ол Хайалияда (Флорида, АҚШ) 29 жастағы мексикалық Даниэль Нахераға қарсы шыққан еді.
Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған, бірақ бірінші раунд 43-ші секундта аяқталды. 26 жастағы Мұсаділов қарсыласын бұрышқа итеріп, соққының астына алып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”