AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатында рекорд орнатты

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы БАӘ-де өткен Азия чемпионатында үздік атанды. Қазақстандық спортшылар барлық 10 салмақта жұдырықтасып, 8 жекпе-жекте тұғырдың биігінен көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанға алғашқы алтын медальді Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін) алып келді, содан кейін финалда Назым Қызайбай (51 келіге дейін) қарсыласын тізе бүктірді.

Қоржынға үшінші алтынды Дина Жоламан (54 келіге дейін) салды. Ал Владислав Кухта 57 келіге дейінгі салмақта финалда жұдырықтасып,  күміс медальмен шектелді.

Ессесіне 60 келіге дейінгі салмақта Римма Волосенкон жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңді. 

64 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Милан Сафронова да жеңіске жетті. Ұлттық құрамадағы Валентин Халзов та өзге қыздардың (69 келіге дейін) сәтті жолын қайталады.

Марина Вольнова (75 келі) болса "қоланы" місе тұтты.

Ауыр салмақтағы спортшылар да тұғырдың биігінен көрінді. Фариза Шолтай 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанса, Ләззат Күнгейбаева 81 келіден жоғары салмақтағы финалда жеңіске жетті.

Осылайша, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы 10 салмақта да жүлде алды. Оның 8-і - алтын. Мұндай жағдай әлі Азия чемпионатында тіркелмеген.

Қалған екі алтын медальді Өзбекстан мен Үндістан спортшылары өзара бөлісті.

Айта кетейік, 31 мамыр күні бокстан Азия чемпионатының ерлер финалында алтын үшін алты қазақстандық спортшы таласады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр