Қазақстандық боксшы қыздар ӘЧ-2025 үздік ондығына енді
Фото: KBF
Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатынан кейін британдық журналист Мэтт Робинсон турнирдің үздік боксшылар тізімін жариялап, оған Қазақстан құрамасының үш өкілін қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бұл рейтингтің басты мақсаты тек алтын жүлде иегерлерін атау емес, турнир барысында жарқын өнер көрсеткен спортшыларды ерекшелеу екенін атап өтті. "Кейбір чемпиондар жеңіске жеңіл жолмен жетті, ал керісінше, алғашқы айналымдарда-ақ керемет бокс көрсеткендер болды, бірақ әрі қарай өте алмады", — деді Робинсон.
Сарапшының сөзінше, үздік үштікті анықтау оңай болмаған. Дегенмен ол ирландиялық Аойфті бір саты жоғары қойып, үндістандық боксшы қыздардың да шеберлігін ерекше бағалады.
Қазақстандық Әбікеева мен Балқыбекова да жоғары бағаланған спортшылар қатарында. Олардың қарсы шабуылдағы нақтылығы мен рингтегі стиль ерекшелігі шолушының назарын аударды. Сондай-ақ Робинсон 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Флинтті чемпионаттың басты тосын сыйы деп атады.
Осылайша, қазақстандық боксшы қыздардың нәтижесі әлемдік сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, үздіктер қатарынан орын алды.

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
