Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы чемпиондық белбеуінен жекпе-жексіз айырылды

Ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) WBC International Silver чемпиондық белбеуінен бас тартты. Енді бұл белбеу үшін кубалық Хосе Лардет (7-0, 6 КО) пен сербиялық Душан Велетич (5-1, 3 КО) таласады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жан

Олардың жекпе-жегі 19 ақпанда Гамбургте (Германия) өтеді. Ал бокс кешінің басты жұлдызы Кособуцкий болмақ. Отандасымыз франциялық Йохан Дюопамен (39-6, 26 КО) жұдырықтасады. 10 раундқа жоспарланған кездесуде боксшылар WBC International белбеуін сарапқа салады. 

Жан Кособуцкий соңғы рет өткен жылдың қараша айында жекпе-жек өткізіп, доминикандық Алексис Гарсияны (11-1, 7 КО) нокаутпен жеңген

Ал қарсыласы Дюопа екінші деңгейлі атақтар үшін жұдырықтасқан. Мансабындағы басты жекпе-жекте WBC белбеуі үшін таласқан. Алайда ол Деонтей Уайлдерден (42-2-1, 41 КО) техникалық нокаутпен жеңілген.

Талқылау