Қазақстандық боксшы әлем чемпионын нокаутқа түсіруге уәде берді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBO ұйымы белгілеген Деметриус Андрадемен жекпе-жекке қатысты батыл мәлімдеме жасап, чемпионды нокаутқа түсіруге уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мұның алдында WBO Деметриус Андрадені (31-0, 19 КО) қазақстандыққа қарсы чемпиондығын қорғауға міндеттеген. Тараптар 30 күн ішінде келісімге келу керек. Егер тараптар келісімге келе алмаса, онда кемі 200 000 доллар межесінен бастап промоутерлік сауда белгіленеді. Сонымен қатар Андраде қандай да бір себеппен айқаспайтын болса, онда Жәнібек WBO ұйымының толыққанды чемпионы дәрежесіне көтеріледі.
"Мен оны нокаутқа түсіремін", – деп жазыпты Жәнібек твиттер жеілісінде.
Ал бұған желі қолданушыларының бірі "Шынын айтсақ, бізге бәрібір" дейтін видеомен жауап берген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”