Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутпен жеңді
Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы келесі айналымға өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сайыстың алғашқы күнінде отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жазира Орақбаева рингке шықты. Жекпе-жек кезінде Жазира қарсыласы Тайвань спортшысы Чань Ча-Суньді үшінші раундта нокаутқа жіберді.
Еске салайық, жарыс 26 наурызға дейін жалғасады. Әлем чемпионатында медаль үшін 12 қазақстандық боксшы бақ сынайды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”