Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева әлем чемпионатының финалына шықты

Фото: KBF

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Аида Әбікеева финалға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол 65 килограмм салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ирландиялық Грэйнн Мэри Уолшты 5:0 есебімен ұтып, сенімді жеңіске жетті.

Әбікеева — аталған жарыста финалға шыққан Қазақстанның алғашқы спортшысы. Бұған қоса, бүгін тағы екі боксшымыз жүлделі орынға кепілдік берді. 48 килограмм салмақта Назым Қызайбай украиналық Анна Охотаны жеңіп, ал 50 килограммда Санжар Ташкенбай үнді боксшысы Жадумани Сингх Манденгбамнан басым түсті. Екеуі де кем дегенде қола медальға қол жеткізді.

Ал 60 килограмм салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Виктория Графеева финалға өте алмады. Ол бразилиялық Ребека Де Лиме Сантосқа жол берді.

Абылайхан Палмағанбет
Сенбі, 13 Қыркүйек, 2025 03:32
Талқылау