Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық блогер Биланды мас күйінде түсіріп алғаны үшін әртістен кешірім сұрады

Ғаламтор беттерінде мас күйде болған ресейлік әнші Дима Биланмен түсірілген видеоны жариялаған қазақстандық блогер Біржан Әшім ресейлік өнер иесінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Танымал блогер бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

билан коллаж

Қазақстанда өткен тойға қонақ ретінде шақырылып, Биланның өнерін бейнежазбаға жазып алған блогер ресейлік әртістің айналасында жанжал шығарғанын мойындады. Ол өнерпаздан жағымсыз пікірлер үшін кешірім сұрап, оның жақсы әртіс екенін айтты. Біржан Әшім Биланның ерсі мінез-құлқы оның кумирге деген көзқарасына мүлдем әсер етпегенін қосып өткен.



"Сен мықты әртіссің, егер сен бұл жазбаны көріп отырсаң, сол кеште бізге мерекелік көңіл күй сыйлағаныңды және бәріміздің көңілімізді көтергеніңді білуің қажет", - деді ол. Сондай-ақ блогер таяқтың бір ұшы тиген жас жұбайлардан, қалыңдық пен күйеу жігіттің ата-анасынан да кешірім сұрады.

Еске салайық, 27 қарашада Біржан Әшім өз парақшасына Дима Биланның мас күйінде сөйлеген видеосын жариялаған еді. Ол музыканттың есін білмейтінін айтып, оны мас деп атаған. Концерттен кейін Билан жанкүйерлерінен кешірім сұрап, көзіне жас алды.

Талқылау