AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бітімгерлер Донбасстағы ұрысқа жіберіле ме? Министр орынбасары жауап берді

Қазақстандық бітімгерлер Донбасстағы ұрысқа жіберіле ме? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында бұл сауалға қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов жауап берді. 

Сұлтан Камалетдинов бітімгершілік операцияларында Қарулы күштерді қолдану тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі резолюзиясы бойынша жүзеге асатынын атап өтті. 

Осы резолюция аясында мемлекет басшысы парламент алдында ұсыныс жасайды. Тек парламент мақұлдағаннан кейін, бітімгершілік операцияларына Қарулы күштер жіберіледі. 

"Мынадай геосаяси жағдайда бұл сұрақ барша қазақстандық қауымдастықты мазалап отыр. Бұл жерде атап өтерлік мәселе, мемлекетімізден тыс аумақта біздің Қарулы күштерді қолдану нормативті тұрғыда жазылып бекітілген. Ал қазіргі уақытта бұл сұрақ тіпті, қарастырылмайды. Бұл сауал бойынша келіссөздер жүріп жатқан жоқ", – деді министр орынбасары. 

Айта кетейік, 2007 жылдан бері 500-ден аса қазақстандық әскери қызметкер БҰҰ-ның Непал, Батыс Сахара, Кот-д"Ивуар мен Ливан елдеріндегі миссияларына қатысты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр