Қазақстандық бес боксшы Азия чемпионатының финалында өзбек боксшыларымен кездеседі
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
World Boxing халықаралық ұйымы өткізіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бангкокте (Таиланд) өтіп жатқан жастар және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы бес қазақстандық финалист белгілі болды. Ерекше жайт – олардың барлығы алтын үшін өтетін жекпе-жектерде Өзбекстан өкілдеріне қарсы шаршы алаңға шығады.
Финалға жолдама алған қазақстандық боксшылар және олардың қарсыластары:
-
60 кг – Нұрислам Қалдыбаев – Шохрух Абдумаликов
-
65 кг – Илья Калинин – Саяқ Ильясов
-
70 кг – Нұрбек Мұрсал – Мухаммад Азизбек Исмоилов
-
80 кг – Санжарәлі Бегалиев – Рахматулло Бойматов
-
90 кг – Темірлан Мұқатаев – Шахзод Палвонов
Финалдық кездесулер 11 тамыз күні өтеді. Бұл күн қос мемлекеттің талантты жастарының дайындық деңгейі мен болашағын анықтайтын шешуші кезең болмақ.
Талқылау

"Сүт қосылған шай ішіп, Күнге қарап табынады": Қазақстанда шектеу қойылған "Алля Аят" діни-мистикалық ұйымы ауыл халқын үрейде ұстап отыр
Тұрғынның айтуынша, жергілікті қазақтар мен ұйғырлардан бұрын, сырттан ағылып келетіндер көбірек

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
Сөзінше, ер адам біреудің баласын азаптау арқылы өз бетінше жазалаған